1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15625) 9 тамыз, сейсенбі 2011
9 тамыз 2011
Мұнайшының жұмбақ өлiмi

Тамыздың 2-сi күнi маңғыстаулық мұнайшы Жақсылық Тұрбаев әлдекiмнiң қолынан қаза тапты. Тәуелсiз кәсiподақ құруды ұсынып, белсендiлiк танытып жүрген азаматтың өлiмiн әркiм әрқалай айтады. Әзiрге тексеру жұмыстары жүргiзiлiп жатқандықтан, нақты мәлiмет жоқ. “Республика” порталына берген сұхбатында режиссер Б.Атабаев Жақсылықтың компания басшылығымен келiсе алмағанын айтады. “МұнайФилд­Сервис” кәсiпорнында бұрғылаушы болып жұмыс iстеген Ж.Тұрбаевтың жасы – небәрә 28-де. Вагонды күзетiп қал­ған Жақсылыққа қайта келгенде, жолдастары оның мүрдесiне тап болған. Оқиға №7114 скважина аймағында болған. Үш айға жуық ереуiлдеген мұнайшылар Жақсылықтың қазасының себебiн ерегiспен байланыстырады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар