1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (15624) 4 тамыз, бейсенбі 2011
4 тамыз 2011
Маңғыстаулықтар ашық хат жолдады

Бiр топ маңғыстаулық азаматтар елiмiзде болып жатқан дiни оқиғаларға өз пiкiрiн бiлдiрiп, ҚР президентiне, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Дiн iстерi жөнiндегi агенттiктiң, Парламент сенаты мен мәжiлiсiнiң төрағасына ашық хат жолдады. Ашық хатқа қол қоюшылар Маң­ғыстауда соңғы 3 жылда дiни талас-тартыстан өрбiген оқиғаларды алға тартыпты. Мәселен, 2008 жылдың ақпан айын­да 5 вахаббит полициямен қарулы қақтығысқа түскен. 2009 жылы Жаңаөзен қаласынан өрiмдей қазақтың 5 баласы Дағыстанға жиһадқа аттанып, сол жақта Ресей федералды қызметi тарапынан ажал құшқан. 2010 жылы 22 маусымда Ақтау қаласының сыртындағы ГМ 172/1 қатаң режимдегi колонияда 21 соттал­ғандар қашып шыққан. “Алайда осыншама жантүршiгерлiк оқиғалар болса да “жабулы қазан жабулы” күйiнде қалып, дiн атын жамылған содырлардың әрекеттерi сот процесiнде тек “қылмыстық iс” деп қаралуы бiздi қатты алаңдатады. Сонда, вахаббиттер жасаған қылмыстарды “қатардағы қылмыстық топтың әрекетi” деп қашанғы жауып тастап отырамыз?..

Бiз вахаббиттiк-салафиттiк дiни ұйымдар мен вахаббизмдi уағыздайтын баспа құралдары жұмысын тоқтатуы керек деп есептеймiз”, – делiнген ашық хатта.
Жақында ғана Қарағанды облысының бiр топ тұрғындары мен Түркiстан қаласының ардагерлерi де елдегi дiни мәселенi қозғап, билiкке ашық хат жолдаған болатын.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар