1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15449) 26 қараша, бейсенбі 2009
26 қараша 2009
Қазақ-өзбек шекарасы әлi жабық тұр

Осыдан екi-үш күн бұрын Өзбекстан тарапының бастамасымен екi ел арасындағы шекараның жабылғаны туралы мағлұмат тарады. Қазақстан Сыртқы iстер министр­лiгi “мұның мән-жайын ресми Ташкент түсiндiрмей отыр” дедi. Кеше бұл мәселеге қатысты Өзбекстан сыртқы iстер министрлiгi мемлекеттiк басылымда жауап бердi. “Өзбекстан жағы Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгiне шекараны жабатыны жайында 13 қараша күнi алдын ала ескерт­кен. Бұл маусымдық тұмау ауруының ас­қынып кету қаупiне байланысты қолға алын­ған шара”,– делiнген мәлiмдемеде. Шекараның ашылу мерзiмi әлi белгiсiз.

Қазақстан СIМ өкiлдерi Өзбекстанның шекараны неге жапқанын бiлмейтiнiн жеткiздi. Ал өзбек жағы “қазақтарға бәрiн түсiндiрдiк” дейдi. Сонда бұл не? Өзбектердiң айтқанын Саудабаев халықтан жасырып жүр ме, әлде бұл қос ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа сызат түскенiнiң белгiсi ме?
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар