1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15617) 14 шілде, бейсенбі 2011
14 шілде 2011
Баспаналы болмақ

Батыс Қазақстан облысының тең жарты тұрғыны бiр айдан кейiн қоныс тойын өткiзедi. Көктемгi су тасқынында қираған үйлердiң орнына салынып жатқан бұл баспаналарға тұрғындар күз айларының соңына дейiн толықтай көшiрiледi. Облыстағы екi елдiмекеннiң құрылыс нысандары аяқталуға жақын. Тамыз айының басында тұрғындар жаңа үйдiң кiлтiне ие болады. Бұл туралы хабарлаған Орал облысы әкiмдiгiнiң аппарат жетекшiсiнiң орынбасары Қ.Қарағойшин келесi кезекте Орал қаласының тұрғындары екенiн де айтып өттi. Естерiңiзге сала кетейiк, биылғы көктемде Орал облысы су тасқынынан зардап шегiп, соның салдарынан тұрғындар баспанасыз қалған болатын. Сонымен қатар әкiмдiктiң қызметкерi өңiрге гуманитарлық көмек­тердiң толықтай жеткiзiлiп отырғанын, тұрғындардың жағдайларына қарасып жат­қандықтарын жеткiзiптi. Сондай-ақ ол “Крас­ный крест” қоғамынан 32 миллион теңгенiң заттары жеткiзiлгенiн, тұрғындарға азық-түлiк пен киiм-кешек жеткiлiктi түрде берiлiп жатқанын айтады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар