1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15617) 14 шілде, бейсенбі 2011
14 шілде 2011
Сайлау туралы заңға өзгерiс енгiзу қажет-ақ

Жақында тiр­келмеген “Алға” партиясының төрағасы Владимир Коз­лов АҚШ президентi Барак Обамаға, ГФР-ның премьер-ми­нистрi Ангель Мер­­кельге, Ұлыбританияның премьер-министрi Дэвид Камерон­ға, Франция пре­зидентi Николя Саркозиге, сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ға алдағы парламент сайлауының әдiлеттi өтуiне қол ұшын беруiн сұрап, хат жолдады.

“Алға” партиясы төрағасының пiкiрiнше, қазақстандықтардың барлығы дерлiк бұл парламенттiк партияның мүшелерiн де президент Н.Назарбаевтың өзi “тағайындайтынына” сенiмдi. “Партияның 60 мың мүшесiнiң атынан өз ойыңызды бiлдiрудi және сайлау туралы заңға, мәселен, мынадай өзгерiстер енгiзуге көмектесуiңiздi сұраймын: бiрде-бiр партияның парламенттiң төменгi палатасынан 60 пайыздан көп орын алмауын белгiлеу, Қазақстан халықтары ассамблея­сы атынан депутат сайлануын жою, сайлау комиссиялары мүшелерiнiң санын шектеудi доғару, саяси партияларға сайлауалды блоктарын құру мүмкiндiгiн қайтару және т.б.”, ­– дейдi Владимир Козлов.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар