1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (15616) 12 шілде, сейсенбі 2011
12 шілде 2011
Қаржылық дағдарыс қайталануы мүмкiн

Американдық АВС телеарнасына берген сұхбатында Әлемдiк валюта қорының жа­ңа бас­шысы Кристин Лагард (су­рет­те) қар­жы дағдарысы жай­лы бол­­­­жам жа­сапты. К.Лагардтың сөзiне қарағанда, егер АҚШ өзiнiң қарыздық мiндет­те­ме­сiне дефолт жарияласа, әлемдiк қар­жы саласына күтпеген соққы болуы мүм­кiн. “Қос партия (республикашылар мен демократтар) әлем алдындағы ауқымды мәселенi тиiмдi шешедi деп үмiттенемiн”,–дейдi ол. Қаржылық шиеленiстiң арты па­йыздық мөлшердiң өсуiне, қор нарығындағы дағдарыс пен жұмыссыздықтың белең алуына, инвестиция көлемiнiң азаюы­на апарып соғуы мүмкiн. Осындай болжам жасаған К.Лагард осының салдарынан бүкiл әлемнiң қаржылық қиындыққа тап болу қаупiн жасырмайды. Естерiңiзге сала кетейiк, 2011 жылғы мамырда АҚШ-тың мемлекеттiк қарызы Конгресс 2010 жылы белгiлеген 14,3 трлн. долларға жетiп, ЖIӨ-нiң көлемiмен теңестi. Қазiргi кезде республикашылдар мен демократтар партиясы осыған байланысты бюджет тапшылығын қысқартуға келiссөздер жүргiзуде.

 

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар