1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15615) 7 шілде, бейсенбі 2011
7 шілде 2011
Ант бергеннiң бәрi адал болмас

Шiлденiң 5-i күнi бiрқатар министрлер мен облыс әкiмдерi президент пен мемлекетке адал қызмет ететiнiн бiлдiрiп, ант қабылдады. Iс-шара кезiнде: “Барлық халықтарда ант, уәде қашан да қасиеттi ұғым саналады. Сондықтан әрбiр мемлекет қызметкерi күн сайын өзiнiң берген антын еске алып, ұмытпағаны жөн. Берген антын қағазға жазып, жұмыс үстелiнде сақтаса, әрбiр мемлекеттiк қызметкер халық, Отан алдындағы адал болу керегiн естен шығармайды”,– деп қадап айтты Н.Назарбаев. Өз кезегiнде мемлекет қызметкерлерi халық пен президент алдында адал қызмет жасайтынын айтып, ант бердi. Ант беру рәсiмi әрбiр шенеунiк қызметке қабылдана салысымен өтетiн. Бұл жолғы рәсiм түсiнiксiздеу ме, қалай? Мәселен, министрлер С.Қайырбекова, А.Жұмағалиев, Ж.Айтжанова және Ақмола облысының әкiмi С.Дьяченколар қызметке кiрiскенiне кем дегенде бiр жыл толып қалды. Осы уақытқа дейiн олар ант­сыз жүрдi. Халық, Отан алдында адал болуды талап етпей келген едi. Басшының есiнен ант алу шығып кеткен бе? Әлде бiр себебi бар ма? Бәлкiм, Бәйменовтi көрген соң, кенеттен ойына түскен болар? Билiкке де, оппозицияға да, тiптi қарапайым халыққа да сенiмнен жұрдай болған Әлиханға президент те күдiкпен қарайтын сияқты. Әйтпесе, шенеунiктерiн жиып, оны қызметке тағайындасымен шұғыл ант қабылдатуға басқа не итермелеуi мүмкiн?

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар