1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15614) 5 шілде, сейсенбі 2011
4 шілде 2011
Аймақтың ауа райы құбылмалы

ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiктiң хабарлауынша, Батыс Қазақстанның Жәнiбек ауданына қарасты 550 гектар жер өртенiп, нәтижесiнде бiрнеше шаруа қожалықтарына зиян келтiрген. Естерiңiзге сала кетейiк, Павлодар облысының 300 гектар дала аумағын, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сары­ағаш ауданы, Дербiсек округiнiң 60 гектар құрғақ дала алқабы отқа оранған болатын. Ал шiлденiң 2-сiнде Алматыдағы болған дауылда көп қабатты үйлердiң бiрiнiң шатыры ұшып, 11 ағаш құлаған. Осының салдарынан Жетiсу, Бостандық және Алатау аудандарының электр желi­лерi iстен шыққан. Қазгидромет орталығы алдағы уақыттарда Қазақстан аумағындағы ауа райының күрт құбылатын жағдайы қайталана беретiнiн хабарлап, тұрғындарға сақ болуды ескертедi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар