1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15611) 23 маусым, бейсенбі 2011
23 маусым 2011
“Нұр Отанның” алдында ажал құшты

Сейсенбi күнi Астана қаласындағы “Нұр Отан” ХДП-ның қоғамдық қабылдауына келген әйел өзiн-өзi өртеп жiбердi. Денесiнiң 95 пайызын күйiк шалған келiншектi дәрiгерлер сақтай алмады. IIМ таратқан ресми хабарға қарағанда, 1960 жылы туылған Сәуле Өтепбергенова сот шешiмiне наразылығын осылай бiлдiрген. “Нұротандықтар” өздерiнiң кiнәсiздiгiн, ғимараттарының алдында өзiн өлiмге қиған келiншектi танымайтындарын айтып безектеуде. Әдiлетсiз соттардың “нұротандықтармен” саяси “әрiптес­тiгiн” ескерсе, Сәуленiң шарасыздығын түсiнер едi. Соңғы кезде Қазақстанның азаматтары осындай жанкештiлiкке жиi баруда. “Нұротандықтар” себептi алыстан емес, мұндай қайғылы оқиғаның астарын бiр кiсiге тәуелдi елдiң режимiнен iздегенi дұрыс едi. 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар