1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15604) 31 мамыр, сейсенбі 2011
31 мамыр 2011
Кулагин жылы орнын қимайды

Қостанай облысы әкiмiнiң аппарат жетекшiсi Анатолий Твердохлебов 170 мың доллар пара бердi деген күдiкпен ұсталған болатын. Сол-ақ екен, Қостанай облысы әкiмi Сергей Кулагин «қызмет­керiм шатылған бұл шатаққа қатысым жоқ» деп басын ала қашты. “Әрине, бұл – жағымсыз жағдай. Бiрақ сот бұл iстiң ақ-қарасына әлi-ақ көз жеткiзедi”, – дептi әкiм.

Президенттiң “егер айналасындағы қызметкерлердiң жемқорлыққа қатысы бар екенi анықталса, жетекшi де жұмысынан босауы тиiс” деген бұйрығы бар. Алайда Қостанай облысының әкiмi президенттiң бұл сөзiн естiмедi ме, әлде мұның өзiне қатысы жоқ дедi ме, әйтеуiр орнынан кетер түрi жоқ. “Әрине, бiрiншi жетекшi бәрiне жауап бередi. Бiрақ егер бiрiншi жетекшi бәрiн анықтауға бұйырса, бұл да белгiлi бiр нәрсенi аңғартатын шығар”, – дейдi ол.
Жоғарғы соттың бiрнеше судьясының басы дауға қалғанда олардың тiкелей басшысы Мұсабек Әлiмбеков өз еркiмен отставкаға кетсе, Кулагин өзiнiң жылы орнын оңайлықпен қимайтынын анық аңғарт­ты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар