1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15604) 31 мамыр, сейсенбі 2011
31 мамыр 2011
Қытай контрабандасы 5,3 миллиард долларға жеткен

Есеп комитетiнiң төрағасы Омархан Өксiкбаевтың сөзiне қарағанда, былтыр­ғы жылы Қытайдан тасымалданған контрабанда 5,3 миллиард долларға жетiптi. Есеп комитетi бұған бюджеттiң орындалу жөнiндегi есебiн дайындағанда көз жеткiзген. “Екiжақты статистикалық талдау қытай жағынан елiмiзге 9,3 миллиард доллар өткенiн көрсеттi. Ал Кедендiк бақылау комитетi қытайлық импортты екi есе аз етiп көрсетiптi – 4 миллиард доллар. Айырмашылық – 5,3 миллиард доллар! Бұл бюджет қыруар кiрiстен қағылды деген сөз. Есеп комитетiнiң төрағасы мұның себебiн екi ел кеденшiлерiнiң тауар құнын дұрыс бағаламауынан деп есептейдi. “Жүктi бағалаудың ортақ жүйесi жоқ болса, тауар құнын тиелген барлық тауардың әрқайсысын есептеу арқылы шығаруға болады. Ал бiз салмағына қарап бағалаймыз, сондықтан осындай нәтиже шығады”, – дейдi ол.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар