1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15600) 17 мамыр, сейсенбі 2011
17 мамыр 2011
Артықбаев елге экстрадицияланды

Өткен жұмада Бiшкекте қолға түскен Алматы облысы кедендiк бақылау депар­та­ментiнiң бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаев Қазақстанға экстрадицияланды. 13 мамыр күнi “Ақ жол” шекаралық кеден бе­кетiнде Қырғызстан билiгi Артық­баев­ты Қа­зақстанның Қаржы полициясына тапсырған.

Сондай-ақ өткен аптада кедендiк бақылау комитетiнiң бiрқатар қызметкерлерi жылы орындарымен қош айтысты. Контрабандаға қарсы күрес басқармасының бастығы Серболат Қалқабаев, кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасының басшысы Дәурен Төлемiсов, iшкi қауiпсiз­дiк бас­қармасының бастығы Бауыржан Ақантай, кадрлар басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Айжан Омарова қызметiнен алынды.
Кеше қаржы полициясы Құрманбек Артықбаевқа ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және қызметтiк бабын пайдалана отырып экономикалық контробандамен айналысқан деген айып тақты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар