1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15599) 13 мамыр, жұма 2011
13 мамыр 2011
Мүгедектi мүсiркемеген ешкiмдi де мүсiркей алмайды

Қазақстанның мүгедек аналары көптен берi әдiлдiк iздеп, шырылдап жүр. Өткен нөмiрде хабарлағанымыздай, “Бибi Ана” мүгедек аналар қоғамдық ұйымы шенеунiктер­дiң қиянатынан заң орындарына жүгiнген-дi. Алайда сот отырысының басталуы алдағы шешiмнен хабар беретiнi бар. Осыған дейiнгi түрлi сот iстерiне куә азаматтар мұндайды жақсы бiледi. Мүгедек аналармен соттасқан Алматыгаз “Инжиниринг” компаниясы да қолдаушысына сенген сыңай танытты. Сонымен кешегi сот отырысы жарымжан аналардың үмiтiн ақтай қоймады. Жалдаған ғимаратынан айырылғаны аздай, олар ендi кеңсе мүлiктерiнен ажырап қалып жатыр. Алматыгаз “Инжиниринг” компаниясымен соттасып жүргенде, ғимаратта қалған кеңсе мүлiктерiнiң көбi су астында, ендi бiр бөлiгi мүлде жоғалып кеткен. Ұйымның материалдық және моральдық шығынды өтеу талаптарымен компания келiспедi. Компания өкiлi түрлi себеп-салдарды алға тартып, бұлтарып бақты. Оның сөз ауанынан компанияның шығынды өтегiсi келмейтiнiн аңғардық.

Егер бұл даудың артында шынымен-ақ, Т.Құлыбаев тұрса, онда мұның миллиардер азаматқа да, оның отбасына да, тiптi туыс-туғандарына да абырой әпермесi анық. “Мүгедектi мүсiркей бiлiңдер!” демеушi ме едi қасиеттi Хадис.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар