1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (15587) 31 наурыз, бейсенбі 2011
31 наурыз 2011
Шафаревичтi әрбiр қазақ зиялысы бiлуге тиiс

Үлкен ғалым, iрi ғұлама, ХХ ғасырдағы орыс ойшылдарының ең өтiмдiлерiнiң бiрi Игорь Шафаревичтiң Мәскеуден “Русский народ в битве цивилизаций” атты аса құнды әрi зәру еңбегi жарық көрдi. Кiтапты дайын­даған да, жарыққа шығарған да – “Орыс өркениетi институты” (“Институт русской цивилизаций”).

Әлемдiк саясатта неше түрлi құпия ағымдар бар. Бұл құпия ағымдарды құпия түрде, бiрақ жүйелi түрде жүргiзiп отыратын неше алуан топтар, ұйымдар, күштер бар. Сонымен бiрге әлемдiк саясатта сан түрлi қитұр­қылықтар, құрық бойламайтын қулықтар, айла-амалдар iске асырылады. Бiздiң (яғни, қазақ саясаткерлерiнiң) бiлетiнiмiз – мұның бергi бетi ғана. Айсбергтiң су бетiн­дегiсi ғана. Айсбергтiң су астындағы бөлi­гiн зерт­теген Шафаревичтiң еңбегiнiң бiзге берер тағлымы да мол. Үйретерi де ересен зор.
Қазақ саясаткерi ұтылса, ұлттық саясат та ұтылады. Ұлттық саясат ұтылса, ұлт та ұтылады. Сондықтан да қазақ саясаткер­лерiнiң әрқайсысы, керек десеңiз, әрбiр қазақ зиялысы Игорь Шафаревичтi оқығаны жөн. Ұлттық саясаттың бiлгiрi, бiлiмпазы, ұлттық саясаттың аса iрi зерттеушiсi Игорь Шафаревичтiң еңбектерiн жетiк бiлгенi жөн.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар