1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21-22 (15583-84) 18 наурыз, жұма 2011
18 наурыз 2011
Тағы тұтқындалды

Ұлттық баспасөз орталығында тәуелсiз ұйымдар мен бiрлестiктер “Халыққа баспана қалдырайық!” қоғамдық қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаевқа араша түсiп, мәлiмдеме жасады.

Естерiңiзге сала кетейiк, 15 наурыз күнi республиканың әр аймағынан 300-ге жуық үлескер мен борышкер президентке мұңын шағу үшiн Ақордаға бет алған-ды. Алайда олар “нұротандықтар” мен қалпақтылардың қарсылығына тап болды, шұғыл әскер жолын бөгедi. Жүздеген адам полиция қалқанында қалды. Астана қаласының ауданаралық әкiмшiлiк соты 4 әйелге айыппұл салды, Есенбек Өктешбаевты 15 тәулiкке бас бос­тандығынан айырды. Дәл осы сәтте Н.Назарбаев Астана қаласындағы 400 отбасына пәтер кiлтiн тапсырып жүрген-дi. “Бұл – көпе-көрнеу жасалған тiрлiк. Билiктен Есенбек Өктешбаевты бостандыққа шығаруды талап етемiз және қоғамды мұндай бассыздыққа қарсы тұруға шақырамыз,– дейдi баспасөз мәслихатына қатысушылар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар