1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15446) 17 қараша, сейсенбі 2009
17 қараша 2009
Қостанай базарында улы шпрот ашық саудаға түскен

«Қостанай базарларында адамның денсаулығына қатерлi зат – бензпиренi бар шпрот партиясы сатылған», – деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттiгi. Облыс тұрғындары осындай мыңдаған құты өнiмдi жеп қойған болу мүмкiндiгi де жоққа шығарылмай отыр. Қатерлi өнiмдi тұтынуға тосқауыл қою үшiн қадағалаушы органдар Қостанай облысындағы базарлар мен дүкендерден Латвияның Ivolga фирмасы 16 шiлдеде өндiрген шпроттар партиясын iздестiруде.

 Рудный қаласындағы сауда фирмасы бұл өнiмнiң iрi көлемдегi партиясын жеткiзген. 14 мың банкасын фирма қоймасына шұғыл түрде қайтаруға мүмкiндiк туды. Бұл шпроттар кешiкпей жойылады деп күтiлуде», – деп хабарлайды Қостанай облысы әкiмнiң баспасөз қызметi.
 Рудныйға әкелiнген шпроттар партиясына сертификат алынған. Әйткенмен, ол сертификат «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ мемлекеттiк мекемесiнен емес, органның сәйкестiктi растау жөнiндегi әлдебiр алматылық филиалынан алынған. Бұл фирма мүлдем заңсыз жұмыс iстеп жатқан болуы да мүмкiн. Бұл жайт қазiр тексерiлу үс­тiнде. Ал әзiрге тек белгiлiсi, бес мыңдай шпрот құтылары әлi де еркiн саудалануда. Оны кiмнiң дастарханынан iздерiн облыс құзырлы мекемелерiнiң өзi де бiлмейдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар