1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
4 наурыз 2011
«Азат» ЖСДП-ның шағымын тағы керi қайтарды

Астана қалалық соты еш себепсiз «Азат» ЖСДП партиясының апелляциялық шағымын қабылдамай қойды. Бұдан бұрын Әдiлет министрлiгi партияның қайта тiркеуден өткiзу жөнiндегi өтiнiшiн бiрнеше рет керi қайтарған-ды.

Аталған партияның мәлiметiнше, Астана қалалық сотының бұл шешiмiнде саяси астар бар. Жарты жылға жақындады билiк демократиялық күштердiң бiрiккенiне қарсы жымысқы саясатын жүргiзуде. Әйткенмен, «Азат» ЖСДП да қайтар емес. Қайта тiркеуден өту үшiн бар шараны жасамақ.
Сондай-ақ, жақында «Азат» ЖСДП-ның тең төрағасы Ж.Тұяқбай ЕҚЫҰ-ның қазiргi төрағасы, Литваның Сыртқы iстер министрi А.Ажубалиспен кездестi. Олар Қазақстандағы саяси жағдайды талқылады. Ж.Тұяқбай кезектен тыс өткелi отырған президенттiк сайлауға қатысудан «Азат» ЖСДП-ның бас тарту себебiн демократияға қайшы келетiн қазақ билiгiнiң әрекетiмен түсiндiрдi. Бұған А.Ажубалис президенттiк сайлауалды науқан мен саяси доданың өту барысын бақылайтынын айтты, және дауыстарды санау қорытындысында барлық демократиялық талаптардың сақталуына сенiм бiлдiрдi. Халықаралық ұйымдар мен ЕҚЫҰ жанындағы Адам құқықтары бойынша бюро өкiлдерi тарапынан сайлаудың әдiл өтуiн қатаң бақылауға алатынын мәлiмдедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар