1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15445) 12 қараша, бейсенбі 2009
12 қараша 2009
Жастар алаңға шығады

Кеше ұлттық баспасөз клубында бiрқатар жастар ұйымдары «Қазақ елi» монументiнiң төрiнен орын таппай, айдалада қалған Жәнiбек пен Керей хандар мүсiндерiнiң жағдайы төңiрегiнде баспасөз мәслихатын өткiздi. Осыдан екi аптаға жуық уақыт бұрын «Абырой» және «Ел болашағы» қозғалыстары аталмыш мәселеге байланысты үндеу жолдап, Қазақ хандығының негiзiн қалаған хандарды тұғырлы орнына қондыруға билiкке 15 күн уақыт берген болатын. Жастардың ай­туынша, билiкке берген уақыт өз мәресiне жетiп қалғанымен, шенеунiктер тарапынан қозғалыс байқалмайды. Сондықтан олар қалыптасқан жағдайға байла­ныс­ты арнайы депутаттық комиссия құруды және бабалар мүсiндерiн Астанадағы «Қазақ елi» монументiнiң жанына жайғастыруды талап етiп отыр. Егер депутаттар тарапынан да тиiстi назар аударылмаса, жастар 22 қараша күнi шеруге шығатындарын мәлiмдедi. Және оған дайын екендерiн жеткiздi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар