1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15445) 12 қараша, бейсенбі 2009
12 қараша 2009
Астанада 14 адам қаза тапты

Дүйсенбi күнi Астана қаласындағы қоймадан шыққан өртте 14 адам мерт болды. Қаза тапқандардың iшiнде шетелдiк азаматтар да бар. Оқиғаға байланысты қылмыстық iс қозғалып, Төтенше жағдайлар министрi Владимир Божко басшылық ететiн арнайы мемлекеттiк комиссия құрыл­ғанымен, өрттiң шығу себептерi осы уақытқа дейiн анықталмай отыр.

Алғашында ресми ақпарат көздерi өрт пенопласт қапталған қоймадан шықты деген мәлiмет таратқан болатын. Бiрақ, кейiннен анықталғандай, жанған ғимарат соңғы заманауи техникалармен жабдықталған, жақында ғана құрылысы бiткен, салқындатылатын қондырғылары бар көкөнiс сақтау базасы болып шықты. Өрттiң оқыс жарылыстан шыққаны да кейiннен куәгерлердiң сөзiнен анықталды. Олардың айтуынша, нысан толықтай бiткенiмен, әлi пайдалануға берiлмеген. Орталық қақпадан басқа қақпалар мен есiктердiң барлығы жабылып, мөрленген­дiктен, адамдардың өрттен бiрден қашып құтылуына мүмкiндiгi қалмаған. Қаза тапқан төрт адам Ресейдiң Челябинск қаласынан бұл нысанды аяқтауға келген құрылыс инженерлерi. Қос ел азаматтарының өлiмiне себепкер қоймадағы жұмбақ жарылыстың неден болғаны әлi де анықталуда.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар