1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15569) 27 қаңтар, бейсенбі 2011
27 қаңтар 2011
Серiк Әбдiрахманов саясаттан кеттi

Саясаттан демалғысы келген “Әдiлет” партиясының бiрiншi орынбасары Серiк Әбдiрахманов кеше өзiнiң партиядан да кеткенiн айтты. Сәрсенбi күнi Алматыда өткен баспасөз мәслихатында “Әдiлет” партиясының төрағасы Мақсұт Нәрiкбаев С.Әбдiрах­мановтың партиядан кеткенiн растады. М.Нәрiкбаев орынбасарының ешқандай бас араздықпен немесе келiспеушiлiктен кетпегенiн қайталаумен болды. Сойыл соғудан алдына жан салмайтын саясаткердiң күтпеген жерден демалғысы келгенi несi? “Әдiлеттi” көрдiм, саясатты көрдiм, ендi демаламын”,– деген Әбдiрахманов алдағы референдумды “көргiсi” келмеген сияқты.Ол кезiнде Ермегияевқа ерiп, “Атан” атанған партияны “Отанға” айналдырамыз деп бөскен болатын. Бiрақ ондағылар маңына жуытпаған соң, саясаттан жерiнiп осылай демалған едi. Саяси ортада салмағы жоқ қаңбақтардың ұшып-қонып жүретiнi қызық.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар