1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15565) 18 қаңтар, сейсенбі 2011
18 қаңтар 2011
Конституциялық кеңес талқылауға кiрiсiп кеттi

Референдум мәселесiне қатысты Конституцияға өзгерiстер енгiзу туралы ұсынысқа Н.Назарбаев қол қоймады. Дүйсенбi күнi бұл құжатты мемлекет басшысы Конституциялық кеңестiң қарауына жiбердi. Конституциялық кеңестiң төраға қызметiн атқарушы Н.Белоруковтың сөзiне қарағанда, кеңес мүшелерi ұсынысты қарап, шешiм шығаруға кiрiсiп те кетiптi. Бiздiң елiмiзде президентке қатысты заңға өзгерiстердiң оп-оңай енгiзiле салатынын ескерсек, бұл жолы да мемлекет басшысының өкiлет­тiлiгi тағы он жылға созылатынына дау бола қоймас. Конституциялық кеңес өз ше­шiмiн бiр ай мерзiмi iшiнде шығармақ. Тiптi асықтырса, апта өтпей-ақ қалаған шешiмдерiн алтын табаққа салып табыс етер.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар