1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15564) 13 қаңтар, бейсенбі 2011
13 қаңтар 2011
Ақбөкен атқандар ұсталды

Сайын даланың еркесi — ақбөкендi аулауға тыйым салынған мараторийдiң мерзiмiн үкiмет тағы 5 жылға созды. Бiрақ қызыл кiтапқа енген сахара сұлуына қырғидай тиетiндер тыйылмай тұр.

Сейсенбi күнi Қызылорда облыстық орман және аң шаруашылығының аймақтық инспекциясының қызметкерлерi кезектi рейд барысында 5 бас ақбөкендi көлiгiне артқан 5 браконьердi құрықтады. Осы облыстың Қармақшы ауданына қарасты Бөгдек деген аймақтан бөкендердi қоғадай қырғандардың екеуi — құқық қорғау саласының қызметкерлерi. Және де бұлардың нысанасына iлiккен ақбөкеннiң бесеуi де — аналығы. Олардың жыл сайынғы өсiмiн таразыға тартса, күдiктiлердiң табиғатқа қанша залал тигiзгенi өзiнен-өзi айқындалады. Ендi ұстал­ғандардың үстiнен қылмыстық iс қозғалады.
Жеткерген Жүсiпов,
Қызылорда.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар