1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15563) 11 қаңтар, сейсенбі 2011
11 қаңтар 2011
«Қазақстан демократиясы үшiн керi шегiнiс»

Өткен аптада АҚШ үкiметi президент Н.Назарбаевтың өкiлеттiк мерзiмiн ұзарту жөнiндегi жалпыхалықтық референдум өткiзу ұсынысына қатысты ресми ұстанымын жария еттi. Бұл ұсынысты мұқият қадағалап отырғанын айта келе, АҚШ үкiметi былай дейдi: «Желтоқсанның 1-2-сiнде Астанада Еуропадағы Қауiпсiздiк және Ынтымақтас­тық Ұйымының саммитiн өт­кiзе отырып, осы ұйымның төрағасы ретiнде Қазақстан демократия жолында iлгерi қадам басу жөнiндегi мiндет­темесiн қайта қуаттаған. Бiз Қазақстанның Конституциясы кепiлдiк берген президент сайлауының орнын алмастыратын републикалық референдум Қазақстан демократиясы үшiн керi шегiнiс болады деп санаймыз. Бiз Қазақстан үкiметi мен азаматтары өздерiнiң халықаралық мiн­дет­темелерiне құрметпен қарап, еркiн және әдiл сайлау өткiзуге күш салуын маңызды деп есептеймiз». 

Iле-шала Н.Назарбаев пар­­­­ламенттiң ұсынысын қа­был­дамай тастағаны мәлiм болды. Алайда саяси ойын мұнымен аяқталмайтыны бел­гiлi. Назарбаевтың президент сайлауын болдырмай таста­й­тын заң жобасына вето қоюы – референдум өтпейдi деген сөз емес. Мұны Батыс елдерi де жақсы түсiнiп отыр.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар