1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15563) 11 қаңтар, сейсенбі 2011
11 қаңтар 2011
Iшкi iсiмiздiң халықаралық салдары

АҚШ елшiлiгiнiң 7 қаңтар күнi таратқан ресми мәлiмде­месiнде Қазақстандағы референдум мәселесi қозғал­ған. «Мемлекет қайраткерi және Конституцияның қорғау­шысы ретiнде өз мiндетiн атқарғаны үшiн және өзiн Елбасы ретiнде сыйлайтын әрi Қазақстан Конституциясының мызғымастығына сенетiн барша халықтың алдында өз пiкiрiн ашық бiлдiргенi үшiн Қазақстан президентiне разымыз, – дей келе, – Сонымен қатар бiз Қазақстан парламентi 80 пайыз көпшiлiк даусымен Президент Н.Назарбаевтың ветосын еңсере алатынын да түсiнемiз», – деген қаупiн де жасырмайды. «АҚШ елшiлiгi Қазақстанның iшкi саяси мәселелерiне араласқысы келмейдi және араласуға хақысы да жоқ. Дегенмен бiз қазiргi «референдум мәселесiнiң» терең халықаралық салдары болатынын да еске саламыз...

Қазақстан бiртiндеп се­нiм­дi түрде әлемдiк сахнаға қа­рай аяқ басып келедi, бiз бұл әрекеттi сөзсiз қолдаймыз.
Барлық тарапқа деген құрметiмiздi бiлдiре отырып бiз «референдум мәселесiне» қатысты қандай да бiр арнайы немесе жеке мүддесi болуы мүмкiн деген азаматтарды шолақ қимылдарға бармауға шақырамыз. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзуы ықтимал және ең бастысы – Нұр­сұл­тан Әбiшұлы Назарбаевтың тарихи мұрасына қиянат жасауы мүмкiн», – делiнген баспасөз хабарламасында.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар