1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (15562) 30 желтоқсан, бейсенбі 2010
30 желтоқсан 2010
Сотта Уткин жеңдi

Кеше Алматы қаласының мамандан­дырыл­ған ауданаралық экономикалық сотында белгiлi құқық қорғаушы Сергей Уткинге қатысты iс қаралды. Естерiңiзде болса, С.Уткинге салық департаментi «5 миллион теңге салық төлемедiң» деген айып таққан-ды. Салық қызметкерлерiнiң пiкiрiнше, заңгер соңғы 5 жылда жұртшылыққа құқықтық кеңес бергенi үшiн салық төлемеген-мыс. Ал Уткиннiң өзi бұл айыптауға былай деп жауап бердi: «Мен заңдық кеңес бергенiм үшiн ақша алмаймын. Ал процеске қатысып, азаматтарды заң ая­сында қорғағаным үшiн алған қаражатымның салығын түгелдей төледiм. Мен сияқты адвокаттар мыңдап саналады. Сонда қалай, олар да салықтан жалтарған болып шыға ма?!».

Сот Сергей Уткиннiң дәлел-дәйектерiн дұрыс деп тауып, оның өтiнiмiн қанағаттандырды. Ал салық департаментiнiң таққан айы­бын «тек болжам ғана» деп бағалады.
Сарапшылар Уткиннiң бұл жеңiсiн сан-саққа жүгiртiп жатыр. «Қазiр референдум өткiзу үшiн қол жинау — бәрiнен де маңызды. Билiк референдум алдында жұртшылықтың наразылығын туғызатын әрекеттерден қашқақтайды», — деген пiкiр бар қоғамда. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар