1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15559) 21 желтоқсан, сейсенбі 2010
21 желтоқсан 2010
СПИД орталығының бұрынғы басшысы тұтқындалды

СПИД орталығының бұрынғы басшысы Мариям Хасенова тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды. Алматы қалалық прокуратурасы СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мемлекеттiк мекемесiнiң бұрынғы басшысына мемлекеттiң 60 миллион теңгеге жуық қаржысын қымқырды деген айып тағып, оның үстiнен қылмыстық iс қозғаған болатын. ҚазТАГ ақпарат агенттi­гiнiң құқық қорғау органдарындағы сенiмдi ақпарат көздерiне сенсек, СПИД орталығының бұрынғы бас директоры осы мекеменiң бас есепшiсiмен бiрге алаяқтық жолмен қаржы жымқырған.

Прокуратура жаз айларында СПИД орталығына тексеру жүргiзгелi берi бұл мекеме төңiрегiндегi дау-дамай өршiп тұр. Бұған дейiн СПИД орталығының бас директоры қызметiн атқарған Владимир Слесаревтi Денсаулық сақтау министр­лiгi қызметiнен босатқан болатын. Ал қыркүйек айында мекеменiң қызметкер­лерiнiң арасында тағы жанжал шықты. Эпидқадағалау мен ВИЧ-инфекциялардың алдын алу бөлiмiнiң дәрiгерi Н.Федорова медициналық мекеменiң директоры мiндетiн атқарушы Г.Нығманованы соққыға жыққан-ды. Г.Нығманованың сөзiне сенсек, жанжал ВИЧ пен СПИД-ке шалдыққан аурулардың тiзiмi iз-түзсiз жоғалып кеткендiктен туған.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар