1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15559) 21 желтоқсан, сейсенбі 2010
21 желтоқсан 2010
Демократия бойынша тағы керi сырғыдық

Халықаралық Economist Intelligence Unit талдау компаниясы «Демокартия индексi 2010» атты есебiнде Қазақстанды демократиясы артта қалған елдердiң қатарына қосыпты. Елiмiз халықаралық компанияның есебiнде 132-орында, Ангола мен Габон елдерiнiң арасында тұр. Халықаралық ұйым рейтингтi тiзбес бұрын әр елдiң демократиялық қоғамы, оның билiгiне егжей-тегжейлi зерттеу жүргiзiп, баға берген. Мәселен, «электоралды процесс» үшiн Қазақстан мүмкiн болған 10 балдан небәрi 1,33 балл жинапты. Ұйым есебiне қарағанда, Қазақстандағы демократияның өзге көрсет­кiштерi де мәз емес. Мәселен, сарапшылар мемлекеттiк жүйенiң жұмысына бар болғаны 2,14 балл берген.

Осы ұйымның бұдан екi жыл бұрынғы есебiнде Қазақстан 127-орынға тұрақтаған болатын. Екi жылдың iшiнде бақандай бес орынға керi сырғыған Қазақ­стан­ға ЕҚЫҰ-ға төрағалықтан да, саммиттен де еш қайран болмапты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар