1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15555) 7 желтоқсан, сейсенбі 2010
7 желтоқсан 2010
Байқоңырдан ұшқан спутник құлады

Жексенбi күнi Астана уақытымен төрт­тен жиырма бес минут өткенде орыстар Байқоңырдан бортында навигациялық ға­рыш аппараттары бар «Протон-М» ракета тасымалдаушыны ұшырған-ды. Алғашқыда бәрi дұрыс сияқты көрiнген. Ракета тәп-тәуiр ұшып шықты, атмосфераны тесiп өттi. Ресей ғарыш агенттiгiнiң қызметкер­лерi қол шапалақтап, бiрiн-бiрi құттықтап жатты. Бiрақ...

Ракета тасымалдаушы ұшып шыққаннан кейiн он минут өткен соң ғарыш аппараттарының бiрi ракета тасымалдаушыдан ажырап шыққан. Алайда, «Глонасс-М» деп аталатын ғарыш аппараты дiттеген жерiне жетпей, жоғалып кетiптi. Сарапшылар оның қайда кеткенiн түсiнбей, әбден дал болған. Жоғалған аппарат өзгенiң жемiне айналуы мүмкiн ғой. Содан Ресей ғарыш агенттiгi аса қымбат тұратын ғарыш аппараттарын жойып жiберуге мәжбүр болған.
Агенттiктiң баспасөз қызметi тарат­қан ақпаратқа сенсек, ғарыш аппараттарының қалдығы бұл жолы қазақтың төбесiне емес, Тынық мұхитқа құлапты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар