1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15555) 7 желтоқсан, сейсенбі 2010
7 желтоқсан 2010
Саммиттi ұйымдастырғандар мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылады

Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен самми­тiне жауапты болған азаматтарды мемле­кеттiк наградаға ұсыну жөнiнде ұсыныс бiлдiрдi.

Бұл ұсыныс сыртқы iстер министрi, мемлекеттiк хатшы Қанат Саудабаевтың жанына жаққан болуы керек, қағаз-қаламын ала салып, тiзiм жасауға кiрiстi. «Жыл бойына жалпыұлттық басымдықты қамтамасыз еткен, яғни Астана саммитiнiң да­йындалуы мен өткiзiлуiне үлес қосқан бiр топ азаматты тiзiмге кiргiземiз. Бұлардың арасында экономика, мәдениет, дипломатия саласының мамандарымен қоса, шетелдiктер де бар», — дедi Қ.Сау­дабаев.

Басқасын қайдам, Қанат Саудабаевтың өзi тәуелсiздiк күнiнде «бас сыйлықтан» дәмелi сияқты көрiндi. «Байдың асын байғұс қызғаныптының керi» деп сөкпе­ңiз, егер Астана саммитi шынымен де әлемдi сақтап қалуға ықпал етсе, ұйымдастырушыларын Нобель сыйлығына ұсынса да қой демес едiк...

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар