1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15553) 30 қараша, сейсенбі 2010
30 қараша 2010
Боратты сөз еткенi үшiн сыбағасын бердi

Ұлыбританияда оқып жүрген қазақ баласы Алмат Самиров Боратты сөз етiп, (Қазақстанды деп түсiнiңiз — ред.) қылжақтап отырған екi адамның сыбағасын бергенi үшiн жазаға тартылды.

Оқиғаның мән-жайы мынадай: Exeter University оқу орнының студентi, 20 жастағы Алмат достарымен бiрге түнгi клубқа кiрiп, виски ұрттаған. Содан, екi адамның Борат туралы орынсыз әзiл айтқанын естiп қалып, жұдырық ала жүгiрiптi. Көшедегi бейнекамералар оқиғаны бастан-аяқ түсiрiп алған. Алмат әлгiлердiң бiрiн бұттан алып аударып тастайды да, екiншiсiн тұра қуады. Оны да қуып жетiп, жамбасқа салып жығады да, теуiп үлгередi...
Таяқ жегендердiң бiрi Алмат оқитын университеттiң студентi Марк Херзог екен. Оның басы жарылып, үш саусағы сыныпты. «Бұзықтығы» үшiн Ұлыбритания соты қазақ баласына 750 фунт стерлинг айып салып, 200 сағат қара жұмысқа жегу туралы шешiм шығарды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар