1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15553) 30 қараша, сейсенбі 2010
30 қараша 2010
Кедендiк одақты қолдамайтындар көп

Кеше Болатхан Тайжан атындағы қор мен «Альтернатива» өзектi зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен «Кедендiк одақ және бiрыңғай экономикалық кеңiстiк арқылы Қазақстанның Ресеймен ықпал­дас­тығы: қолдаушылар және қарсылар» атты дөңгелек үстел өттi. Жиында Ресей және Беларусьпен арадағы интеграцияны жақтайтын және жақтамайтын экономистер, саясаттанушылар, саясаткерлер мен бiрқатар қоғамдық ұйым өкiлдерi бас қосты. Үш сағатқа созылған пiкiрталас кедендiк одақты қолдаушылардан гөрi оған қарсы шығушылардың қарасы көп екенiн анық аңғартты. «Ресеймен арадағы интеграциялық процестердi тоқтатпасақ, тәуелсiздiктен айырыламыз. Интеграция болу үшiн оған мүше елдер индустриалды даму деңгейi жөнiнен бiрдей болуы тиiс. Тауар құны сонда ғана арзан әрi сапалы болмақ. Мұндай шарттар тек Еуроодақта бар. Бiрақ Еуроодақтағы экономикалық интеграцияның астарында саяси интеграция жатыр. Бiзге мұндай интеграция қажет пе?» – дедi Болатхан Тайжан қорының президентi, экономист Мұхтар Тайжан.

Кедендiк одақ тәуелсiздiкке қатер төндiре ме? Осы сауал ЕурАзЭҚ жанындағы ҚР-ның тұрақты өкiлi Бақытжан Ордабаевқа қойылды. Б.Ордабаев бұған былай дедi: «Бiз барлық қадамдарды кесiп-пiшiп, алдын ала ойластырып жатырмыз». Алайда жиынға жиналғандар Б.Ордабаевтың бұл сөзiне күмәнмен қарайды.
Дөңгелек үстелде өрбiген пiкiрталас, азаматтық қоғам өкiлдерiнiң ой-пiкiрiн газеттiң келесi нөмiрiнен оқи аласыздар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар