1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (15551) 23 қараша, сейсенбі 2010
23 қараша 2010
Гиффен құтылды...

Қазақ билiгiн тақырға отырғыза жаздаған атышулы Джеймс Гиффенге қатыс­ты сот процесi аяқталды. Нью-Йорк округiнiң судьясы Уильям Поули айыпкер Гиффеннiң үйқамақта болған уақытын жаза өтеу мерзiмiне жатқызып, оны қамақтан босатты.

Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назар­баевтың кеңесшiсi болған тұста Джеймс Гиффен қазақ мұнайының арнасын Батысқа бұруға барын салды. Кейiн­нен кеңесшi «Қазақстан басшыларына миллиондаған доллар пара бердi» деген айып тағылып, сот процесi 2003 жылы бас­талған-ды. Оған «25 мың доллар айып салып, 1 жылға соттауы мүмкiн» деген болжам айтылған. Бәрi бекер болды. Гиффен судан құрғақ шықты.
«Ендi ол — азат адам», — деп хабарлады Ассошейтед пресс агенттiгi. Сене­сiз бе, судья Поули соңғы сот процесiн­де айыпкер Гиффендi әбден мақтапты. Не үшiн? Қазақстан басшыларын масқаралағаны үшiн бе? Жоқ. Кезiнде Кеңес одағында тұрған еврейлердiң Батысқа қашуына жәрдемдескенi үшiн. Мiне, АҚШ-тағы демократияның бiр бейнесi. Мұндайда қазақ «Сенген қойым сен болсаң...» демеушi ме едi...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар