1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (15551) 23 қараша, сейсенбі 2010
23 қараша 2010
Назарбаев Обамамен не туралы сөйлестi?

НАТО-ның Лиссабонда өткен самми­тiнде Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев бiрқатар елдердiң басшыларымен кездестi. Бұл туралы мемлекет бас­шысының баспасөз қызметi хабарлады.

Саммит барысында Н.Назарбаев АҚШ президентi Барак Обамамен және АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Хиллари Клинтонмен ұшырасып, ЕҚЫҰ-ның Астанада өтетiн саммитiне дайындық барысын хабарлаған көрiнедi. Сондай-ақ, Н.Назарбаев Түркияның президентi Абдолла Гүл­ден, Еуропалық комиссияның президентi Жозе Мануэл Баррозадан кеңес сұрапты.
1-2 желтоқсан күндерi Астанада өтетiн саммитке ығай мен сығайдың бәрi келетiн болды. Басты қонақ ретiнде Барак Оба­маны күтедi. Қазақстан президентiнiң басын ауыртқан «Қазақгейт» бiржақты болды. Алда-жалда Астанадағы саммитке Барак Обама келе қалса, бас табақ тартып, же­тi жылдан бергi шерiн бiр тар­қататын шығар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар