1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (15551) 23 қараша, сейсенбі 2010
23 қараша 2010
Бiздiң әкiмқаралар әйелдерiнен ақыл сұрайды

Бiздiң шенеунiктер қанша табыс табатынын мемлекеттiк құпиядан әрмен жасырын ұстайды. «Мемлекеттiк құпия жария болса мейлi, байлығымның қанша екенiн ешкiм бiлмесiн» деп қалтырайды да жүредi, әйтеуiр.

Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы «Өзiңнен баста» деп аталатын жемқорлықпен күрес акциясын бастаған-ды. «Нұр Отан» өзiнен бастаған жоқ. Өзiнен бастаса, ең алдымен партия төрағасы мен оның орынбасары табыс декларациясын жария етер едi ғой. Билiк партиясының мұнысын мүшелерi күлкiге айналдырып жiбердi. Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаев: «Табыс декларациямды жарияламай тұрып, әйелiммен кеңесiп алайын. Дұрыстап жариялау үшiн өзiңнiң декларацияңды ғана емес, туған-туыстарыңдiкiн де жария ету керек», — дедi.
Бозымбаевтың айтып отырғаны дұрыс. Бiр қарағанда, бiздiң әкiмқаралардан өткен «тақыр кедей» таппайсың. Ал ендi олардың әйелдерi мен туған-туыстарының қалтасына үңiлiп көршi... Қатын жарыстыру, байлық салыстыру бәсекесiнде бiздiң шенеунiктердiң араб шейхтарын да ауызға ұратынына күмәнiңiз болмасын.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар