1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (15547) 9 қараша, сейсенбі 2010
9 қараша 2010
Тәуелсiз басылымдар Тәжинге үш сауал қойды

Салық органдарының бiрқатар тәуелсiз БАҚ-тың соңынан шам алып түскенiн жазған едiк. Жақында салықшылардан құқай көрген “Азат”, “Алға!”, “Взгляд”, “Голос Республики” және “Стан” порталының редакциялары Қауiпсiздiк кеңесiнiң төрағасы Марат Тәжинге ашық хат жолдады. Журналистер бүгiнде күштiк құрылымдар мен салық органдары елдегi демократияның соңғы өскiнiн жою үшiн барын салып жатқанын, олардың ендi кәсiпкерлер мен тәуелсiз БАҚ-қа ауыз салғанын айтыпты. Не заңға, не сотқа, не прокурорлық бақылауға пысқырып қарамайтын күштiк құрылымдар мен салық органдарының шектен шыққаны жөнiнде олар былай дедi:

 “Мәселен, салық инспекторлары қайдағы-жайдағы бiр деректердi алған да, бiзге қатысты салық актiсiн қолдан жасай салған. Ал шын мәнiнде салық инспекторлары бiздiң редакцияға бас сұққан жоқ, құжаттармен де танысқан емес. Салық органдарының бассыздығын бүге-шiгесiне дейiн баяндаған журналистер Тәжинге мынандай үш сауал қойды. “1. Салықшылардың тексерiстi қолдан ұйымдастыратынын, ал актiлердi ойдан жасайтынын бiлесiз бе? 2. Салық және күштiк ведомстволардың заңбұзушылығын көрiп-бiле тұра, мұны бүркемелеп жүрген прокурор мен судьялар әрекетiнiң қаншалықты қатерлi екенiн түсiнесiз бе? 3. Миллиондаған адамды жаппай қуғын-сүргiнге ұшыратқан сталиндiк режимнiң қайғылы iс-тәжiрибесiн мүлде ұмытқаныңыз ба?
Осылай деп сауал тастаған журналистер тәуелсiз ақпарат құралдарының көзiн жою бүкiл құқық жүйесiнiң iргесiн шайқалтатынын тағы бiр мықтап ескерттi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар