1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15543) 26 қазан, сейсенбі 2010
26 қазан 2010
Көлiк апатының көлемi 13 пайызға өсiптi

Елiмiзде соңғы екi жылда автобус жүргiзушiлерiнiң кiнәсiнен болған көлiк апатының саны 13 пайызға өссе, көз жұмғандардың саны екi есеге өсiптi. Бұл туралы ҚР IIМ Жол полициясы комите­тiнiң төрағасы Қайрат Тынықбаев мәлiмдедi.

Қ.Тынықбаевтың айтуынша, үстiмiз­дегi жылдың 9 айында 2007 жылдың осы мерзiмiнен салыстырғанда “автобус жүргiзушiлерiнiң кiнәсiнен болған көлiк апатының саны 13 пайызға (251-ден 284-ке дейiн), көз жұмғандардың саны екi есеге (38-ден 74-ке дейiн), жарақат алғандар саны 17 пайызға (316-дан 369-ға дейiн) өскен”.
ҚР Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көлiк бақылау комитетiнiң төрағасы Әдiлет Барменқұлов өз кезегiнде заң бұзушылықтарға қала­аралық және облысаралық автобустардың жүргiзушiлерi көбiрек баратындығын атап өттi. “Рейске шығар алдында ешқандай техникалық және медициналық тексеру жүргiзiлмейдi” дедi ол. “Автобус жүргiзушiлерiне қойылатын талаптарды заң деңгейiнде қатайту керек, – дедi тағы да Ә.Барменқұлов, – Автобус­ты жүргiзуге 3 жылдық тәжiрибесi бар жүргiзушiлерге ғана рұқсат берiлуге тиiс. Сонымен қатар оның жүк көлiгiн жүргiзген еңбек өтiлi мiндеттi түрде бiр жылдан кем болмауы керек”.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар