1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15538) 7 қазан, бейсенбі 2010
7 қазан 2010
Нанның бағасы қымбаттады

Нанның бағасы Қазақстанның солтүс­тiк өңiрлерiнде: Қостанайда – 3 теңгеге, Қызылжарда – 4 теңгеге өстi. Себебi, биыл астық аз. Ұн бағасы қымбат. Мәселен, Қостанайда 600 грамм нанның құны 40 теңге болатын. Ендi 1 қазаннан бастап нанның бағасы – 43 теңге. Үкiмет те, жергiлiктi әкiмшiлiк те «ұнның бағасын ұстап тұрамыз» деп уәде берген-дi. Бi­рақ, уәделерiнiң орындалмайтын түрi бар.

Биыл диқандар шамамен 23 миллион тонна астық жинады. Оның 8 миллионы экс­портқа шығарылады деп жоспарлан­ған. Қазақ қырманына 23 миллион тонна астық жиналды ма, әлде жиналмады ма? Бұл дерек те күдiк туғызуда. Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi бұл де­ректi зерттеп-зерделеу үстiнде. Ал нанның бағасы нелiктен қымбаттады деген сұраққа Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi жауап iздестiруде. «Қымбатшылық тек нанға ғана қатысты емес. Ұн, сұйық май, қарақұмық та қымбаттады. Мұны тек­серемiз», – дейдi агенттiк мамандары.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар