1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15537) 5 қазан, сейсенбі 2010
5 қазан 2010
Мұғалiмдер аштық жариялады

Ақтөбе қаласындағы №6 кәсiптiк-техникалық лицейдiң бұрынғы оқытушылары Бибiгүл Бектұрсынова мен Базарбай Масабаев бiлiм ошағының басшылары мен жергiлiктi шенеу­нiк­тердiң iс-әрекетiне наразылығын бiлдiрiп, аштық жариялады. Өзiн заңсыз жұмыстан шығарды деп есептейтiн Бибiгүл Бектұрсынова бiр айдан берi екi баласын мектепке жiбер­меу­де. “Мұғалiммiн ғой. Оқушы сабақтан қалмау керек екенiн жақсы бiлемiн. Бiрақ басқа амалым қалмады. Қалтамыз тесiк. Балалардың жолақысына да ақша жоқ. 56 күндiк еңбек демалысын, 30 күнге не үшiн қысқарт­қанын айтып, конституциялық құқығымды талап еткенiм үшiн жұмыстан қуылдым”, – дейдi ол. Ал Базарбай Масабаев жұмыс уақыты кезiнде ауызша сұранып, ауыр халде жатқан мүгедек қызын дәрiгерге көрсеткенi үшiн жұмысынан қағылған. Қалалық прокурор балаларын мектепке жiбермегенi үшiн Бибiгүл Бектұрсынованы жауапқа тартатынын ескертiптi. Қалалық бiлiм беру басқармасының бастығы Аман Құдайбергенов аштық жариялаған мұғалiм­дердi қайта жұмысқа аламыз дейдi. Бiрақ, бас­қа бiлiм ошағына. Әйткенмен, екi мұғалiм заңсыз қызметтен шығарған күннен бастап жұмысқа қабылдауын талап етуде.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар