1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15537) 5 қазан, сейсенбі 2010
5 қазан 2010
“Қаражорға” – халықтың биi

Атыраудың Исатай–Махамбет алаңында қаланың 370 жылдық мерейтойына арнап “Қаражорға” биiн 15 228 адам 4 рет биледi. Бидiң тарихын зерттеп әрi оны халыққа үйретiп жүрген насихаттаушы Жамали Диханұлының айтуынша, штаб құрылған күннен бергi он күн iшiнде аудан, қала маңы халқын қоса санағанда 10 мыңға жуық адам бидi үйренген. Оның 8 мыңы – мектеп оқушылары.

Естерiңiзге сала кетейiк, өткен жылы күз­де Қытайдың Алтай аймағындағы 13 ұлттың өкiлi тұратын Шiңгiл ауданының 13 288 тұрғыны “Қаражорғаны” билеп, Гиннестiң рекордтар кiтабына енген-дi. Ал Атырауда билеу­шi­лердiң 99 пайызы – қазақтар. “Ендеше, дүние­жүзiнде жаппай қазақтың билеуi Батыс Қазақстанның орталығында болды деуге әбден болады”, – дедi Жамали Диханұлы. Жобаның үйлестiрушiсi Манарбек Ермұханов болса: «Мақсат – бәсекеге түсiп, рекорд жасау емес, “Қаражорғаны” ұлттық белгiге айналдыру, мұның астарында ұлт саясаты жатыр»,– дейдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар