1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15535) 28 қыркүйек, сейсенбі 2010
28 қыркүйек 2010
Референдум өтпей қалды

Тiркелмеген «Алға» партиясының бастамасымен қыркүйектiң 25-i күнi Алматыда Назарбаевтың билiктен кетуiн талап ету туралы республикалық референдум өткiзу мәселесi талқыланбақ едi. Алайда, тиiстi кворумның болмауынан референдум талқысы өтпей қалды. Өйткенi, осы жиынға аймақтардан қатысатын делегаттар толық жиналмаған. Жиналғандар тек қарарлар қабылдап тарқасты. Қолданыстағы заң бойынша, республикалық референдум өткiзу мәселесiн қарау үшiн республикалық жиынға әр облыс­тан кем дегенде отыз адамнан жиналу керек болатын. Тоғыз облыстан делегаттар толық жиналғанымен, қалған облыстан кел­гендердiң саны отызға толмады. Қазақстан коммунистiк партиясының бұрынғы жетек­шiсi Серiкболсын Әбдiлдиннiң пiкiрiн­ше, кворум жиналған жағдайда да билiк басындағылар мұндай референдумға жол бере қоймайды. «Назарбаев өзiнiң тағы туралы референдум өткiзуге жол бермейдi. Мұны Назарбаевтың мықтылығы емес, әлсiздiгi деп есептеу керек. Бұл Назарбаев үшiн тағы қымбат екенiн көрсетедi. Ендi қайтадан дайындалып халықты жинауға кiрiсемiз», – дедi ол.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар