1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15532) 16 қыркүйек, бейсенбі 2010
16 қыркүйек 2010
Үкiмет құлақ түре ме, жоқ па?

БҰҰ-ның тәуелсiз сарапшысы Ракель Рольник Қазақстанда баспана мәселесiнiң ушығып тұрғанын айтып, қазақ үкiметiн тұрғын үй дауын тезiрек шешуге шақырды. «Сот шешiмiнсiз, өтемақы төленбей, алдын ала ескерту жасалмай көптеген үйлер сү­рiлген. Ондағы отбасылар күштеп көшiрiл­ген. Мемлекеттiк қызметкерлер қақаған қыста елдi көшiрiп, күш қолданғанын бейнежазбалардан көрiп, баспасөзден оқыдым. Әсiресе, жүктi әйелдер мен балалардың, мүгедектердiң далада қалғанын естiгенде қатты шошыдым», – деген Ракель Рольник ипотекалық несиесiн төлей алмай, нәти­жесiнде баспанасынан күштеп шығарыл­ған, жекелеген құрылыс компанияларға алданып қалған азаматтарды да кездестiр­генiн, олар әлi күнге үкiметтен үмiттерiн үзбей отырғанын жеткiздi. Ақорданың түбiнде екi айдан берi аштық жариялап, үкiметке жетiм баладай жәутеңдеп астаналық үлескерлер отыр. Сонда да билiк мiз бағар емес. Үкiмет мәселенi жiтi зерттеген тәуелсiз сарапшының ескертуiне құлақ түрер, бәлкiм.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар