1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15532) 16 қыркүйек, бейсенбі 2010
16 қыркүйек 2010
«Ботаның» қамқорлығы

Сейсенбi күнi Алматыда «Бота» қоғамдық қоры баспасөз мәслихатын өткiзiп, жетiм балаларға және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына 237 бiлiм беру грантын бөлгенiн жеткiздi. Сынға 2 516 талапкер түскен. Қоғамдық қордың бiлiм беру гранттары бағдарламасы жөнiндегi өкiлi Айгүл Тыныштықбаеваның айтуынша, оқу ақысы төмен оқу орны – Орал қаласындағы педагогикалық колледжi. Жылына 60 мың теңге төленедi. Ең қымбаты –1 миллион 125 мың теңге. Бұл – Қазақстан-Британ техникалық университетi. Жоғарғы оқу орнын таңдаған талапкерлердiң саны – 209, кәсiптiк орта бiлiм алуға ниет бiлдiргендер – 28. Естерiңiзге сала кетейiк, өткен жылы қор 87 талапкерге бiлiм грантын үлестiрген-дi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар