1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010
22 шілде 2010
Арнасайды көшiретiн болды

Оңтүстiк Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Арнасай ауылының тұрғындары күнделiктi азық-түлiк сатып алу үшiн қазақ-өзбек шекарасын төрт рет кесiп өтедi. Және де 20 шақырым қашықтықты өзбек жерi арқылы жүрiп өтуге мәжбүр. Өзбектер бiз сияқты қонақжай емес қой, шақырусыз келген «қонаққа» оқ атудан еш тайынбайды.

Арнасай ауылының үш жағын Өзбекстан шекарасы қоршап жатыр. Ал төртiншi жағы — Шардара су қоймасы. «Алдым — жар, артым — судың» керi. Ауыл шаруашылығы министрлiгi Арнасай ауылын көшiру үшiн арнайы қаулы дайындады. Ендi оған премьер-министр қол қоюы керек. Егер қаулы мақұлданса, республикалық бюджеттен 163,5 миллион теңге бөлiнiп, Арнасай ауылында тұратын 71 отбасы шекараның өтiнен iшкерi көшiрiледi. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар