1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15515) 20 шілде, сейсенбі 2010
20 шілде 2010
Қырғыздар сотқа бердi...

Қырғызстанның Бас прокуратурасы бiздiң Бас прокуратураға хат жолдап, ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшiн қазақстандық журналистер Асрора Муминова мен Валерий Хлюпиннiң үстiнен қылмыстық iс қозғауды сұрады.

Даудың басы 3 шiлдеде centrasia.ru сайтында А.Муминованың «Қырғыздар өзбектердi мешiтте де өлтiрген» деп аталатын мақаласынан басталыпты. Ал Хлюпин — әлгi сайттың иесi.
Қырғыздар осы мақаладан соң тексеру жүргiзiп, Оштағы мешiттердiң барлығын сүзiп шыққан. Қырғызстан Бас прокуратурасы баспасөз қызметiнiң мәлiмдеуiнше, 12-13 маусым күндерi мешiттерде ешқандай адам өлiмi болмаған. Мақала авторы «Жоми» мешiтiнiң мұнарасынан жалдамалы мергендер өзбектерге оқ атты» дегенiн де қырғыздар жоққа шығарып отыр.
Қырғыз ағайындар өкпелейтiндей бар. Бiздiң кейбiр әрiптестерiмiз өтiрiк-шыны аралас арзан даңғазаға құмар. Әйтпесе, мақаласының тақырыбын «Қырғыздар өзбектердi мешiтте де өлтiрген» деп қоя ма?
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар