1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15515) 20 шілде, сейсенбі 2010
20 шілде 2010
Күлшемiздi тағы да тартып жей ме?

Кiм-кiмге де ата-бабасының атының тұяғы тиген ұлтарақтай жер қымбат. Ал егер сол ұлтарақтай жер табиғи байлыққа тұнып тұрса ше?

2002 жылы Қазақстан мен Ресей шекараларын айқындағанда кейбiр жерлер бөлiске түскен. Онда да жай жер емес, Хвалын, Құрман­ғазы және Орталық кенiш­терiн пышақ үстiнен бөлiсуге тура келген-дi.
Ендi мiне, кезек Атырау облысы Құрманғазы ауданының аумағындағы «Имашев» газ конденсаты кенiшiне келдi. Кенiштiң бiр бүйiрi Ресейдiң Астрахан облысына сұғынып жатқан көрiнедi. Орыстарға осының өзi жеткiлiктi...
«Росбалт» ақпарат агенттiгiнiң хабарлауынша, тараптар кiм қай жерге иелiк ететiнiн анықтап қойыпты. Құжатқа ендi Қазақстан мен Ресейдiң президенттерi қол қойса болды.
«Имашев» кенiшiнiң газ қоры 128,9 мил­лиард текше метр, ал сұйық фракциясы 20 миллион тоннадан асады. Алдағы бес жылда Ресей газ кенiштерiн игеру үшiн 100 миллиард доллар бөлудi жоспарлап қойды. Бұл туралы хабарлаған Путиннiң оң қолы — вице-премьер Игорь Сечин. Сечин «Имашев» кенiшiн де ұмытқан жоқ, әрине. Өз «күлшемiзден» бiзге қанша үлес тиедi? Әлде құдайы көршi күлшемiздi тағы да тартып жей ме?
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар