1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15511) 6 шілде, сейсенбі 2010
6 шілде 2010
Елбасы туралы заңды қабылдаған үшеудi сотқа бердi

Жұма күнi Алматының Жетiсу аудандық сотына ұлт лидерi туралы заңның күшiн жою­ды талап еткен арыз түстi. «Республика» газетiнiң тiлшiсi Жанна Байтелова премьер-министр Кәрiм Мәсiмов, екi парламент спикерi Қасымжомарт Тоқаев пен Орал Мұхаммеджанов заң алдында жауап беруi тиiс деп есептейдi. Ал шағымға жауап Астана күнi, президенттiң мерейтойы өткеннен кейiн берiледi екен. Журналист Байтелованың айтуынша, президент қол қоймаған құжаттың заңды күшi жоқ. Ал оны күшiне енгiзгендер жауапқа тартылуы тиiс. Оның ойынша, президент қол қоймаған құжатқа, атқарушы билiк ең болмағанда халықтық референдум өткiзуi тиiс. Журналистiң бастамасын Алматы, Өскемен, Тараз, Ақтөбе қалаларында бiраз азаматтар қолдап, сот­қа арыз беруге бел байлап отырса керек. Ал Жанна Байтелова сот өзiнiң арызын iске алатынына сенiмсiз. Бiрақ соған қарамастан күрестi тоқтатар ойы жоқ.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар