1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15439) 22 қазан, бейсенбі 2009
22 қазан 2009
Тоқаев сөзiнiң тоқетерi

Жазда қытайлық арзанқол құрылыс материалдарынан жасалған Астанадағы Қазақ елi монументiнiң бүлiнгенi туралы жазған болатынбыз. Жуырда сол монумент күрделi жөндеу­ден өтiп, қайта ашылды. Салтанатты жағдайда. Қазақ елiнiң, нақтысы Н.Назарбаев ескерткiшiнiң ашылуын ҚР парламентi сенатының спикерi Қасым-Жомарт Тоқаев дәуiрлiк маңызы бар оқиғаға балады. «Президент елiнiң үмiтiн ақтауға орасан еңбек сiңiрдi. Халқының әл-ауқатын арттыруды өмiрiнiң басты қағидасы ретiнде таңдап алды. Ұлттық мүддемiздi қорғап, рухани байлығымызды молайттық. Экономикамызды бәсекеге қабiлеттi етiп, ғаламдық өркениеттiң ажырамас бөлiгiне айналдық. Мәртебесi биiк, абыройлы мемлекет болдық», –дедi. Егер Қ.Тоқаев президенттiң халқының әл-ауқатын арттырудағы тынымсыз еңбегiнiң нәтижесiн маусым айында зейнетақыға қосыл­ған 99 теңгеден, жуырда үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмовтiң бюджеттiк сала қызметкерлерi жалақысының 25 пайызға көтерiлуiн 6 айға шегеруiнен көретiн болса, ұлттық мүддемiздiң қорғалуын президент бастамасымен көтерiлген «қазақстандық ұлт», «үштұғырлы тiл» идеяларымен ұштастырып, әлемдегi мәртебемiздiң биiктегенiн Франция президентi Николя Саркозидiң «Қазақстан Еуропа үшiн сауын сиыр» деген сөздерiмен байланыстырса, онда сөзсiз осының бәрiн президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегiнiң «жемiсi» деп атауға әбден болады. Тоқетерi осы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар