1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15508) 24 маусым, бейсенбі 2010
24 маусым 2010
«Ұлт лидерiне» қарсылық жалғасуда

Дүйсенбi күнi Елбасы туралы заңның қабылданғанына қарсы тағы бiр оппозициялық журналист жападан-жалғыз алаңға шығып наразылық бiлдiрмек болды. Ол – «Взгляд»  оппозициялық газетiнiң тiлшiсi Екатерина Белялова. Алайда оны полицейлер тәуелсiздiк монументiне жеткiзбей-ақ қолын бұрап, «Президент, Конституцияны қайтар!» деген жазуы бар плакатын тартып алып, өзiн сүйретiп, көлiкке салды. Былтыр тамыз айында Екатерина Белялова Алматыдағы «Арбат» көшесiне «Мен құқықтық жезөкшелiкке қарсымын» деген жазумен шыққан болатын. Бiрақ ол кезде полицейлер тиiспеген едi. Тек тағы қайталаса, әкiмшiлiк жауапқа тартылатынын ескерткен. Ендi бұл жолы оған қандай шешiм шығарылатыны белгiсiз. Әйтсе де, журналистiң өзi ешқандай заң бұзушылыққа бармағанын айтады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар