1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
9 қараша 2017
Мектепте орамал тарту үшін соттасып жатыр

Оралдағы орта мектептерде оқитын төрт оқушының ата-анасы қыздарының білім мекемесіне орамал тартып бару құқығы үшін сотта күресіп жатыр. Бұл туралы ата-аналардың мүддесін қорғаушы Арман Әбдірәшит хабарлады.
Заңгердің айтуынша, ата-аналар мектептердің ішкі тәртібі мен білім және ғылым министрінің 2016 жылы 14 қаңтардағы жарлығының заңдылығын сот арқылы тексеруді көздеп отыр. Министр жарлығында «түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін мектеп формасына қосуға болмайтыны» айтылған. Әбдірашит бұл жарлық Қазақстан Конституциясының «мемлекеттік білім мекемелерінде тегін білім алу құқығына» қайшы екенін айтады. Заңгер «оқушылар хиджаб емес, қазақтың ұлттық киімі – ақ түсті кимешек киеді» дейді. Шағымданушылардың бірі Әсет Сұлтанұлының айтуынша, Оралдағы № 7 орта мектеп басшылығы қазанның ортасында 1-сыныптағы қызына баскиіммен сабаққа келуге тыйым салған. Қазір оның қызы мектепке бармайды.
 

ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Жұлдыз | 11 қараша 2017 14:17
Бұл орамал тарту немесе тартпау деген мәселені неге ушықтырамыз. Қарап тұрсаңыз түкке қажетсіз нәрседен ушыққан дау аяғы жаппай дамайға айналып, пысықай біреулер өз қажетіне жарата қояды. Сондықтан мектептің ішкі тәртіп ережесін нығайтып, барлық мектеп оқушысы мектеп ішінде немесе мектептен тысқары жерде ішкі ережелерді "қатаң" сақтауға пәрмен берілсе бұл "сұмдыққа" тосқауыл болар еді. Мектеп жасынан кеткенен кейін "айға бата оқысы" өз еркі ғой, ағайын. Уа-ассалам!!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар