1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 ()16275) 7 қараша, сейсенбі 2017
7 қараша 2017
Терезесіне ту іліп, айыппұлға жығылды

Мемлекеттік туды терезесіне іліп қойғаны үшін Қызылорда қаласының тұрғыны Сұлтан Тумашинов 453 мың теңге айыппұлға жығылған. Stan.kz сайтының хабарлауынша, С.Тумашинов бұл жазамен келіспей отыр. Ол құзырлы органдарға шағымданып, патриот болу қылмыс емес екенін дәлелдемек. «Бұл пәтерге көшіп келгеніме бір ай уақыт та болған жоқ. Көшіп келгеннен кейін заттарымды орналастырдым. Туды терезенің алдына іліп қойғанмын. Бірақ мен оны перде ретінде пайдаланған жоқпын. Туды сатып алғаныма бір жыл болды. Үнемі үйіме іліп қоятынмын. Бұл енді масқара екен. Патриот болғаным үшін айыппұл төлеуім керек пе сонда?» – дейді ол.
Ал Қызылорда облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуанышбек Шүкіров болса: «Соттың үкімінсіз айыппұл салу құзыретіміз бар. Бұл азаматтың мемлекеттік туды мақсатсыз пайдаланғанын дәлелдей аламыз. Қолымызда нақты фактілер бар», – депті.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар